Жақында Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында Қордай ауданының мектеп оқушылары арасында аудандық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.
Шара «Ақ жол» демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мұқамбетәлі Шалқарбековтың қолдауымен іске асты.
Турнирді «Ұлттық-мәдени орталықтарының қауымдастығы» бірлестігінің жетекшісі Айнура Абыкаева ұйымдастырды. Байқауға ауданның әртүрлі мектептерінен 20 фракциядан 40 оқушы қатысты. Ойын барысында қатысушылар өз ойларын дәлелді түрде жеткізіп, логикалық пікірталас дағдыларын көрсетті.
Үздік деп танылған алты команда партияның қаржылай демеушілігімен кубоктармен, медальдармен марапатталды.
Іс-шара жастардың шығармашылық және ой-пікір дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды алаң болып, олардың білім мен сөйлеу өнерін жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді.