САҒАДАТ НҰРМАҒАМБЕТОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 100 ЖЫЛ

0

25 мамыр күні Гвардейск гарнизонында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.

Жиын барысында армия генералының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ерен ерлігіне құрмет көрсетілді.

Батырды еске алуға Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінің командирлері, әкімдік өкілдері, жергілікті Әскери басқару органдары, Қарулы Күштердің ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер мен оқушылар келді.

Сөз сөйлегендер Сағадат Нұрмағамбетовтың соғыс жылдарын-дағы және соғыстан кейінгі кезеңдегі ерекше еңбегін атап өтті.

«Сағадат Нұрмағамбетовтың басшылығымен қазақстандық армия құрылды, оның құрылысы мен дамуына елеулі үлес қосты. Бүгін біз өзімізді Отанға қызмет етуге, қазақстандық жауынгерлердің барлық ұрпақтары үшін үлгі болуға арнаған адамды еске алып, құрмет көрсетуге келдік. Бұл күн біз үшін батылдықтың, ар-намыс пен Отанға деген адалдықтың символына айналсын. Сіздерге Сағадат Нұрмағамбетов сияқты табанды және батыл болып, қызметте үлкен биіктерге жетулеріңізді тілеймін!»,- деп атап өтті Гвардейск гарнизонының бастығы, полковник Ержан Мейрманов.

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығы медалімен қызметтегі үздік көрсеткіштері үшін гвардия аға лейтенанты Ерсайын Рамазан артиллериялық бригаданың 2-ші ауыр келте зеңбіректі артиллериялық дивизионының 6-шы артиллериялық батареясының командирі және аға лейтенант Пахритдинов Ильяр танк бригадасының байланыс ротасының командирі марапатталды.

Айта кетейік, Халық қаһарманының 100 жылдығына арналған салтанатты шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылды.

Сағадат Нұрмағамбетовты қазақ халқының көрнекті ұлы және аты аңызға айналған Отан қорғаушысы ретінде еске алу – біздің борышымыз.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.