САҒЫНЫШ САЛҒАН ӘН ҚАНДАЙ

0

«Ел іші – өнер кеніші» деп бекерге айтылмаған. Ешқандай қоспасы жоқ саф алтындай өнерді ел ішінен, халық арасынан табасың. «Өнерге әркімнің ақ бар таласы», демекші Еңбек ауылындағы Сүлейменовтер отбасы осындай өнерге жақын
жандардан құралған.

Соның бір көрінісі болар, аталмыш жанұя «Парасатты отбасы» байқауында жүлделі ІІ орынды жеңіп алған еді. Ал, бүгін осы отбасының үкілеген үміті Сағыныш Мырзаш есімді қыздары туралы сөз етпекпіз. Сағыныш 9 сынып оқушысы. Бала күнінен ән айтуға құмарлығы бүгінге үлкен жетістіктерге жеткізіп отыр. Жас әнші жақында «Отбасыммен мақтанамын» атты байқауда ІІ орынға ие болса, «Халық Қаһарманы» Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай өткен «Ақмаңдайлым» атты аудандық әншілер байқауында Бас жүлдені жеңіп алды. «Қазақстан үміті» шығармашылық байқауына қатысып бақ сынаған Сағыныш вокал бөлімі бойынша І дәрежелі дипломды қанжығаға байлап, өнер байқауының жеңімпазы атанды.
Өнер жолында биік белестерді бағындырсам деген биік арманы бар Сағынышқа сәттілік серік болсын, қанатың талмасын, деген тілегімізді айтамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.