САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

0

Нашақорлық, лудомания, буллинг, балалар арасындағы суицид мәселесі соңғы жылдары қоғамда жиі талқыланып жүрген тақырыптардың бірі. Мұны заңдық-құқықтық тұрғыдан реттеудің маңыздылығы өз алдына бөлек әңгіме. Жуырда аудан прокуратурасы осы мәселеге назар аударып, бірқатар арнайы және орта білім ордаларында жиын өткізді

Қордай ауданы прокуратурасының бастамасымен, ауылдық округтерге шығу арқылы орта, арнайы оқу орындарында әсіресе мектеп оқушылары үшін жасөспірімдердің құқықтық санасын арттыру, синтетикалық есірткі мен заңсыз есірткі бизнесіне қарсы, буллинг, балалар арасындағы суицид және құқық бұзушылықтың профилактикасы тақырыптарында дәрістер оқылып, факультативтік сабақтар өткізілді. Профилактикалық іс шара аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудан прокурорының орынбасары Еркебұлан Байжиенов пен аудан прокуратурасының аға прокуроры Дарын Абжапаровтың қатысуымен жүзеге асырылды. Өз кезегінде, аудан әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы жастарға болашақтағы өміріне кері әсер ететін кереғар іс-әрекеттерге бармау қажеттігін, ата-ананың атына кір келтірмеу, білім алып, елге адал қызмет етудің маңыздылығын жеткізді. Әлеуметтік желідегі ақпараттардың бәрі шындыққа жанаса бермейтін болғандықтан, ақпаратты сүзгіден өткізіп барып қолдану қажеттігін түсіндірді. Ал, аудан прокурорының орынбасары Еркебұлан Мұхтарұлы жастар арасында синтетикалық есірткінің зияны мен нашақорлықтың зардаптары туралы ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ бейнеролик әзірленді. Дәріс барысында синтетикалық есірткінің, есірткі сатумен айланысатын адамдардың арбауына түспеу жолдары қарастырылды. Есірткі қабылдаған 10 адамның тек біреуі, өте ұзақ емделу арқылы ғана сауығатыны айтылды, оңай ақша табамын деп есірткі сатушылардың жалған уәдесіне сенудің қажеті жоқ екені ескертілді. Сонымен қатар, аудандық прокуротура өкілі Дарын Досжанұлы жасөспірімдерді суицидке итермелейтін түрлі ғаламторлық ойындардың етек жайғанын тілге тиек етіп, одан сақтану жолдарын айтып өтті.

Зорлық-зомбылықсыз білім беру құндылықтарын насихаттау, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құмар ойынына тәуелділікті болдырмау, мектептегі буллингтың алдын алу және жоюдың тиімді жолдарын үйрену, мектепте балаға қауіпсіз орта құруды мақсат еткен кездесуде оқушылар қадағалаушы орган өкілдеріне сұрақ қойып, пайдалы кеңестер алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.