5 маусым күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, жастар арасында жазғы шомылу маусымы кезінде суға кету жағдайларының алдын алу мақсатында Қордай ауданы аумағында орналасқан өзен жағалауларында және бассейндерде үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, балаларды бақылаусыз қалдырмау туралы ескертіліп, соның салдарынан жазатайым оқиғалардың орын алып жатқандығы жөнінде мәліметтер келтірілді. Сонымен қатар жасөспірімдерге судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде дайындалған ақпараттық жадынама парақшалары таратылды.