САДАҚ АТУШЫЛАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМДІ ПАЙДАЛАНАТЫН БОЛДЫ

0

5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары: әлемнің 35 елінен келетін ең үздік садақ атушылар қазақстандық өнімді пайдаланатын болды

Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына санаулы күн қалды. Бүгінгі таңда ұлттық құрама спортшыларшылары анықталып, қатысушылардың барлығы дерлік дүбірлі додаға сақадай сай.

Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама бас бапкері Диас Ахметовтің айтуынша, садақ ату спорт түрі бойынша елімізге 35 мемлекеттен 200-ден аса спортшы келеді.

«Біздің садақ атушыларға Түркия, Қырғыстан, Моңғолияның мергендері бәсеке тудырары анық. Франция, Италия, Испания, Қытай, Тайланд, Ираннан келетін спортшылар да өте мықты. Дегенмен, біздің спортшылар да осал емес. Жүлдеден үміттіміз», — дейді бас бапкер Диас Ахметов.

«Осы уақытқа дейін ұлттық құрама құрал-жабдықтардың басым бөлігін Түркия, Мажарстан, Ресейден тапсырыс беріп алдыртатын. Кейінгі жылдары еліміздегі өндіріс те жолға қойыла бастады. Алдағы Көшпенділер ойынына отандық өнім «Алтын жебе» атты цехтың шығарған оқтарын қолданамыз. Сол үшін халықаралық стандарттарға сай жасалған 2000-нан аса оқ дайындап қойдық», — дейді дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама мүшесі Ербол Тапенов.

Дәстүрлі садақ атудан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын 10 спортшы қорғайды. Ұлттық құраманың мүшелері де дайындық барысында отандық өнімді пайдаланып, жаттығуларын пысықтап жатыр, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.