21 шілдеде Қордай аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Сырлыбаев азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.
Жоспарлы жеке қабылдау аясында азаматтар сайлау процесінің түрлі аспектілеріне қатысты сұрақтармен жүгінді. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу рәсімдеріне ерекше қызығушылық танытылды. Қабылдауға қатысушылар 2025 жылдың 24 тамызына тағайындалған Бетқайнар, Үлкен Сұлутөр және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауында қол жинау, кандидаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ тіркеу кезеңдерінен өту тәртібіне қатысты тақырыптарды көтерді. Сайлау процесінің барлық қатысушылары үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Төраға азаматтардың әрқайсысының өтініштерін мұқият тыңдап, айтылған барлық мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берді. Барлық өтініштер тіркеліп, белгіленген тәртіпте назарға алынды.
Қабылдау соңында төраға сайлаудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету сайлау комиссиясының басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.