23 мамыр күні Тараз қаласының Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысында саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдардың және уәкілетті мемлекеттік органдардың рөлі туралы» тақырыбы бойынша оқыту-семинары өтті.
Семинарға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары, Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары С.Құрманбеков, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ұ.Сламбекова, «Әулие ата — медиа» АҚ-ның бас директоры Д.Асқарұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, облыстық прокуратура мен саяси париялардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Семинарды Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып кіріспе сөз сөйледі.
Келесі кезекте облыстық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Т.Жамалов «Өңірде өткізілген сайлау науқандарындағы саяси партиялармен қоғамдық бірлестіктердің рөлі мен маңыздылығы, олармен ұсынылған кандидаттардың белсенділігі туралы» дәріс оқып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Ұ.Сламбекова «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысында саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың және жергілікті атқарушы органдардың өз-ара іс-қимылы туралы» тақырыбында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Тумабеков «Ұсынылған кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігін анықтау барысындағы мәселелер туралы», «Әулие ата — медиа» АҚ-ның бас директоры Д.Асқарұлы «Сайлау науқаны барысында сайлаушыларды ақпараттандыру және үгіт кезеңіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі туралы», облыстық прокуратура өкілі «Сайлау науқаны барысында қолданыстағы заңнамалардың орындалуы туралы», Қазақстан халық партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Ж.Бастаубаева «Саяси партиялардың сайлау процесін даярлау мен өткізу барсындағы тәжербиесі туралы» тақырыптарына дәрістер оқыды. Сонымен қатар, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай жергілікті атқарушы орган тарапынан сайлаушылар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы ақпараттық-саяси қарым-қатынас орнатудағы тәжірибемен бөлісті.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Семинар соңында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов қорытындылап, сайлау процесін даярлауда оның ашықтығы мен заң талаптарына сәйкес өтуіне семинарға қатысушылардың назарын аударып, сайлау науқандарында белсенділік танытқан бірқатар саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер басшыларын алғыс хаттармен марапаттады.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы