САЙЛАУ ЗАҢҒА СӘЙКЕС ӨТУІ ТИІС

0

Жақында Қордай аудандық мәслихаты құрамынан шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес шығып қалған депутаттардың орнына мәслихат депутаттарын сайлауды тиісті сайлау комиссиясы тағайындайды.

«Шығып кеткендердің орнына мәслихат депутаттарын сайлау наурыздың соңғы жексенбісінде және (немесе) қазанның соңғы жексенбісінде бір мезгілде өткізіледі. Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша шығып кеткендердің орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауды тиісті сайлау комиссиясы басқа күнге белгілей алады. Сайлау күні туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады», — делінген құжатта.

Осы орайда аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Сырлыбаев жүргізген жиынға аудан әкімдігінің аппарат басшысы Нұрболат Сатымқұл, комиссия мүшелері, Қордай, Масаншы ауылдық округінің әкімдері, аудандық полиция бөлімі, «Қазақтелеком» ЖШС-нің аудандық филиалының және аудандық электр тарату торабының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде №9 және №2 сайлау округінде өтетін сайлау учаскелеріндегі ұйымдастырушылық мәселелерді шешу болды. Алдағы сайлауды заңға сәйкес және жоғары деңгейде өткізуді мақсат қойған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы барлық мән-жайды толық түсіндіріп, әр сайлау учаскелеріндегі міндеттерді тізіп өтті. Сайлау нау-рыз айында өтеді деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.