САЙЛАУ

0

Қордай ауданының Қордай, Степной және Сұлутөр ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 – бабы, 9 тармағына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қордай ауданының Қордай, Степной, Сұлутөр ауылдық округтеріне әкімдікке «ADAL», «Nur Otan», «Ауыл» партиялары және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:

Қордай ауылдық округіне Сахатов Бакыт Онласынович, 1981 жылы туған, Қордай ауылдық округінің әкімі, Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Қордай ауылдық округіне Узакбаев Даулет Рысбекович, 1985 жылы туған, Қарасу ауылдық округі әкімінің орынбасары, Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны, «Ауыл» партиясының мүшесі.

Қордай ауылдық округіне Айтымбетов Нурсултан Саламатович, 1990 жылы туған, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Қордай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы, Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

Степной ауылдық округіне Джолдасбаев Кайрат Рахимбаевич, 1964 жылы туған, «Карбоз» шаруа қожалығының басшысы, Қордай ауданы, Арал ауылының тұрғыны, «ADAL» партиясының мүшесі.

Степной ауылдық округіне Аймурадова Роза Унгаровна, 1964 жылы туған, Степной ауылдық мәдениет үйінің, меңгерушісі, Қордай ауданы, Степной ауылының тұрғыны, «Ауыл» партиясының мүшесі.

Степной ауылдық округіне Шуйшибекова Инкар Таласбековна, 1988 жылы туған, Степной ауылдық округі әкімінің орынбасары, Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

Сұлутөр ауылдық округіне Байсал Нұрлан Айдарұлы, 1992 жылы туған, Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қордай ауданы, Сұлутөр ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Сұлутөр ауылдық округіне Жолаушыбаева Жадыра Дуйсенбаевна, 1990 жылы туған, №38 Сұлутөр орта мектебі, директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары, Қордай ауданы, Сұлутөр ауылының тұрғыны «Ауыл» партиясының мүшесі.

Сұлутөр ауылдық округіне Қойшыбай Ерболат Қуанышұлы, 1993 жылы туған, Бетқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қордай ауданы, Бетқайнар ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

 

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.