Алдағы әкімдер сайлауына дайындық аясында, 2025 жылғы 18 тамызда Бетқайнар ауылының Мәдениет үйінде Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен Сұлутөр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» атты тақырыпта оқыту семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейі мен құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкестікте сайлау үдерісін ұйымдастыру мен өткізуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету болды.
Іс-шараға аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, сондай-ақ N220, N221, N249, N250, N260 және N514 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Семинар УСК мүшелерінің біліктілігін арттыруға және алдағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге дайындыққа бағытталды.
Оқуды бастамас бұрын сайлау туралы заңнаманы білу деңгейін анықтау үшін тестілеу өткізілді, бұл қатысушылардың дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік берді.
Семинар бағдарламасына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Э.Күмекбай «Сайлаушылар тізімін қалыптастыру, тізімге енгізу тәртібі және сайлаушылардың құқықтары туралы»; «Әкімдер сайлауы бойынша дауыс беру және дауыс беру қорытындыларын анықтау тәртібі туралы», аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Ниязғұлова «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы», «Мүгедектігі бар сайлаушылардың дауыс беруін ұйымдастыру туралы», аудандық сайлау комиссиясының мүшесі Е.Токтогулов «Сайлау бостандығының кепілдіктері және сайлау комиссиясының әрекетіне шағымдану тәртібі туралы», «Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер және шағымдарды қарау тәртібі туралы», №514 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Д.Орумбаева «Аталған ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру күні УИК іс-қимылдарының дәйектілігінің алгоритмі туралы» баяндама жасады.
Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға «Дауыс беру күні» бейнеролигі көрсетілді, онда сайлау учаскесін ашу тәртібі, байқаушылар мен сенімді өкілдердің келуі, хаттамаларды толтыру, дауыс беру қорытындыларын шығару және басқа да негізгі кезеңдер көрсетілді.
Дауыс беру барысында туындайтын практикалық жағдайларға, сондай-ақ стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау алгоритмдеріне ерекше назар аударылды. Семинар белсенді диалог форматында өтті, қатысушылар аудандық сайлау комиссиясы мүшелері сұрақтар қойып, білікті жауаптар алды.
Оқыту аяқталғаннан кейін өтілген материалды бекіту мақсатында қайталама сынақ өткізілді.
Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев семинар қорытындысын шығарып, алдағы сайлауға сайлау комиссияларының барлық мүшелерін сапалы дайындаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы