Семинар-кеңесті Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев ашты. Семинар-кеңесте учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына дауыс беруге арналған үй-жайды, сайлау учаскесіндегі дауыс беру пунктін жарақтандыру бойынша түсініктемелер, мүгедектігі бар азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру ерекшеліктері және сайлау комиссияларының құжаттамасын толтыру тәртібі, байқаушылардың қызметімен олармен жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сайлау науқандарын ақпараттық сүйемелдеу, шақыру қағаздарын тарату, дербес деректерді сақтау және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу үрдістері баяндалды.
Қойылған сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді. Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына тапсырмалар берілді, сайлаушылардың тізімдері, сондай-ақ кеңсе тауарлары және өзге де қажетті материалдар таратылды.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы