САЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

0

Халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату мемлекеттік қызметтің басым бағыттарының бірі. Бұл ретте, мемлекеттік қызметтің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесі ерекше. Әрбір мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі.

Мемлекеттік қызметшінің жұмысы одан үлкен жауапкершілікті, өзін-өзі тұрақты бақылауды және төзімділікті қажет етеді. Азаматтардың мемлекеттік билікке деген көзқарасы және өмір сүру деңгейі мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасына тікелей байланысты екендігі даусыз. 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне орай, аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Оған аудан әкімі Бегзат Болатбеков, орынбасарлары, аудандық мәслихат, бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Осы кәсіби мереке қарсаңында аудан әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы белсенді еңбек етіп жүрген бір топ мемлекеттік қызметшілерді арнайы құттықтап, алғыс хатпен марапаттады.

«Құрметті әріптестер! Ардақты сала ардагерлері! Баршаңызды 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Елге қызмет ету – абыройлы міндет, Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижелі болуы үшін басқару жүйесінің тиімділігін арттыру өте маңызды екенін әрдайым назарға салатыны баршаңызға белгілі. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілерге зор міндет жүктеледі.

Бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, Сіздерге деннің саулығын, отбасы амандығын және халық сеніміне ие боларлық нәтижелі еңбек тілеймін! Тәуелсіз Отанымыздың тұғыры берік, абыройы асқақ болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!», — деп ізгі тілегін жеткізген аудан әкімі марапаттау рәсіміне көшті.

Мерекеге орай облыс әкімінің Құрмет грамотасымен Д.Есімов, Ғ.Сейдекеш, облыс әкімінің Алғыс хатымен А.Қаспақбаев, А.Жылыбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының Алғыс хатымен Х.Калимханова, Ж.Кенжебек марапатталды. Сонымен қатар, мерекелік төсбелгіге Ғ.Нұрбеков ие болса,

аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Г.Елібекова, Б.Абенов, А.Иенберген, А.Камалиев, С.Естаев, А.Дуйсебаева, Г.Досалиева, Ж.Сұлтаналиева, Р.Нурмаханбетова, А.Қазығұлова, М.Молдабекова, аудан әкімінің Алғыс хатымен Ғ.Өтеубаев, М.Жанғожаева, Ж.Данетбаева, Е.Сарсенбаев, А.Мыкышев, Д.Акпаров, А.Есбосынов марапатталып,

облыстық спартакиадада жоғары нәтиже көрсеткені үшін Ж.Маркаев, Л.Түкменбетова, Ф.Локияева, Н.Айтеновке құрмет көрсетілді.

Сондай-ақ, бірқатар азаматтарға аудандық мәслихат төрағасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табыс етілді.

Шара соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.