Байланыс орталығына жиі түсетін сұрақтардың бірі: салық қарызының жоқтығы туралы анықтаманы қалай алуға болады?
Бұл анықтаманы екі жолмен алуға болады:
- Салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet.salyk.kz).
- “Салықтық Өтініш” Бөлімі.
- “Салық берешегі” қойындысы (Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді алуға сұрау салу).
- Өтінішті толтырып, Мемлекеттік кірістер органына жіберіңіз.
- Анықтама алу үшін “салық өтініші” бөліміне өту керек, Егер анықтама дайын болса, сүзгілерде “әрекет” жолында “ақпарат”сілтемесі пайда болады.
- Электрондық үкімет порталында (egov.kz).
- Порталға кіріп, “Қызметке онлайн тапсырыс беру”батырмасы бойынша өтіңіз.
- Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль арқылы қол қою (мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті).
- Жеке кабинетте (“Қызметтерді алу тарихы” бөлімінде) өңделген анықтамамен танысу.
Қызмет көрсету мерзімі: сұрау салу түскен күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей.
Жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларацияны енді Kaspi.kz мобильді қосымшасында тапсыруға болады.