САПАЛЫ ЖАБДЫҚ – СЕНІМДІ КӨМЕК

0

Қордай аудандық орталық ауруханасының босану бөлімінде ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында материалдық-техникалық базаны жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бөлімше перинаталдық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған заманауи медициналық жабдықтармен толықтырылды.

HKN-2200B ашық типтегі неонаталдық реанимациялық жүйе жаңа туған, оның ішінде шала туған және ауыр жағдайдағы нәрестелерге шұғыл көмек көрсетуге арналған. Жүйе өмірдің алғашқы минуттарынан бастап терморежимді тұрақты сақтауға және реанимациялық іс-шараларды тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

NV9 неонатальды өкпені жасанды желдету аппараты тыныс алу жеткіліксіздігі бар нәрестелерге арналған. Құрылғы тыныс алу параметрлерін дәл бақылап, клиникалық жағдайға сәйкес жеке желдету режимдерін қолдануға мүмкіндік береді.

OND X6 (Consona сериясы) диагностикалық ультрадыбыстық жүйесі акушерлік, гинекологиялық және неонаталдық тәжірибеде кең қолданылады. Жоғары айқындығы бар бейнелеу мүмкіндігі ана мен баланың жағдайын уақтылы әрі дәл бағалауға жағдай жасайды.

Жаңғырту нәтижесінде босану бөлімінде көрсетілетін перинаталдық көмектің клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі артпақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.