САРБАЗДЫҢ ӨМІРІ – БАСТЫ НАЗАРДА

0

«Өмірді сақта» атты Ведомствалық бағдарлманы іске асыру мақсатында ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік Әскери — тергеу басқармасы Гвардейск бөлімінің аға жедел уәкілі майор Ернат Молдабаевпен 21450 әскери бөлімінің сарбаздарымен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында әскери қызметшілерге заңнаманың талаптары түсіндіріліп, құқықбұзушылықтардың алдын алу маңыздылығы мен қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат берілді.

Майор Ернат Молдабаев әскери қызметшілердің өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет екенін атап өтіп, әскери бөлімде тәртіпті күшейту және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша нақты шараларды іске асыру қажеттілігін атап көрсетті.

Бұл іс-шара әскери қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарламаның жүзеге асырылуы аясында осындай түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қажетті шаралар қабылданып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.