САРЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР АМАНБАЕВ САМАТ САЛИМОВИЧТІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

ӨМІРБАЯН
Мен, Аманбаев Самат Салимович, 1988 жылы 1 қазанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сұлутөр ауылында дүниеге келдім.
Ұлтым-қазақ. Білімім–жоғары.
2010 жылы Қырғызстан Халықаралық Университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтадым.
Еңбек жолымды 2011 жылы Қордай ауданы Қазынашылық басқармасында жастар тәжірибесі бойынша бастадым.
10.2013 – 01.2015 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде хатшы;
05.2016 – 11.2016 жылдары, Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде жетекші маман;
06.2017 – 11.2017 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде хатшы;
11.2017 – 05.2018 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман;
08.2018 – 02.2021 жылдары бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы директорының орынбасары, Қордай ауылы;
02.2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Әлжан ана ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің директоры.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Егер мен Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі лауазымына сайланған жағдайда, ауылдың әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласа отырып, ауыл тұрғындарының мәдениетін, салт-дәстүрі мен тілін дамытуға, ұлтаралық келісімді нығайтуға, ауылға лайықты қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосу мақсатында келесі шаралардың іске асырылуына атсалысатын боламын:
— Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ауыл тұрғындары арасында насихаттай отырып, Жолдауда көрсетілген мәселелерді ауылда жүзеге асыруға үлес қосамын;
— 2023-2025 жылдары Сарыбұлақ және Қайнар ауылдарының ауылішілік көшелерін жарықтандыруға ықпал етемін;
— ауылдағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, қарттарға, мүгедектерге және көпбалалы аналарға әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетуге ықпал етемін;
— ауылда қоғамдық тәртіптің сақталуына, ауыл жастарының тәрбиесі бойынша жүйелі жұмыстар жүргіземін;
— ауылдағы жайылым жерлер мәселесін қарастыруға ықпал етемін;
Қорыта айтқанда менің алға қойған мақсатым — ауылдың әлеуметтік- экономикалық жағдайын дамыту.

Leave A Reply

Your email address will not be published.