ҚР Конституциясының 7-бабына және «Қазакстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес Қазакстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі.
КР Конституциясының 14-бабы мен Занның 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тілдік белгісі бойынша азаматтардың кұқықтарын кемсітуге жол берілмейді.
Хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, ас мәзірлері, нұскагыштар және басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде, кажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) баска тілдерде де орналастырылады.
Деректемелер мен көрнекі акпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен: мемлекеттік тілде сол жағына немесе жогаргы жагына, орыс тілінде он жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады.
«Тұтынушылардың құкықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес сатушы (дайындаушы, орындаушы):
тауар (жұмыс, көрсетілетін кызмет) туралы, сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты беруге; (тауарлық) чегін казақ және орыс тілдерінде беруге міндетті.
Бакылау-касса машиналары тұрған жерде тұтынушыға бақылау (тауарлық) чегін қазақ және орыс тілдерінде беруге міндетті.
«Ақпаратқа кол жеткізу туралы» ҚР Заңының 16-бабына сәйкес Интернет-ресурстардағы (сайттағы) акпарат казақ және орыс тілдерінде болуы керек. Сонымен қатар, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексі 729-бабы «Осы Кодекстің 75-бабында көзделген әкімшілік құкық бұзушылықтар туралы істерді карауға және әкімшілік жазалар қолдануға жергілікті атқарушы органның тілдерді дамыту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдык бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары құқылы» деген 2-1) тармақшамен толықтырылды.
Яғни, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңының 21-бабында көзделген деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі және «Жарнама туралы» ҚР заңынын 6-бабында көрсетілген жарнамаға қойылатын жалпы талаптардың бұзылуы туралы арыз-шағымдар түскен жағдайда кәсіпкерге немесе жеке, заңды тұлғаларға ескерту жасауға немесе айыппұл салуға толық құзыреттері бар деп көрсетілген. Және бұл заң бұзушылықтар үшін ӘҚБК-нің 75-бабы (3,4 бөліктері) мен 455-бабының 3-бөлігі негізінде жауапқа тартылады.
С.БАЛПУКОВА, Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы