САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0

Дүйсенбі күні «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы Қарлығаш Қыпшақбаеваның төрағалығымен «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиынның күн тәртібіне бір ғана мәселе — «AMANAT» партиясының тізімі бойынша Масаншы және Сарыбұлақ ауылдық округтерінің әкімдеріне үміткерлерді ұсыну туралы сұрақ шығарылды. Ол бойынша «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мырзағали Күзербаев хабарлама жасады.

«Ағымдағы жылдың сәуір айының 30-ында аудандағы Масаншы және Сарыбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің жұмыстан кетуіне және ауысуына байланысты ауыл округтердің әкімдерін сайлау өтеді. Осыған байланысты «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының ХLIV кезектен тыс конференциясына «AMANAT» партиясынан Масаншы және Сарыбұлақ ауылдық округтері әкімдеріне үміткерлерді іріктеп, бекітуге ұсынатын боламыз. Бүгінгі таңда «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалына әр ауылдық округтің әкіміне үш үміткер қатысуға өтініштерімен қайырылды»,-деген М.Күзербаев үміткерлер туралы мәлімет берді. Күн тәртібіне шығарылған мәселе толығымен қаралып, ол бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.