Саяси науқанға сақадай сай болуымыз тиіс

0

Сәрсенбі күні аудан әкімдігінде 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы семинар-кеңес өтіп, оған Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Н.Сатымқұл, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев, аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты.
Жиынның күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Бірінші мәселе, яғни сайлау комиссиялары мүшелеріне еңбек ақысын төлеу туралы Қордай ауданы әкімі аппаратының бас есепшісі Ж.Маженова баяндама жасап, семинарға қатысушалар тарапынан түскен сауалдарға жауап берді. Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Абишева сөз алып, сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру туралы нұсқаулықпен таныстырды. Осыдан кейін баяндама жасаған аудандық сайлау комиссиясының мүшесі Э.Күмекбай сайлау комиссиялары мүшелерін қашықтықтан оқыту мен тестілеу және сайлау күнгі онлайн-сервистің жұмысы туралы айтып өтті. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша аудандық сайлау комиссиясының мүшесі А.Нұрахметова сөз алып, мүгедектігі бар азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру жөнінде кеңінен тоқталды. «Алдағы сайлау кезінде дауыс беруге арналған ғимараттар мүгедектігі бар тұлғалар үшін барынша қолжетімді болуы қажет. Атап өтетін болсам, дауыс беруге арналған үй-жайлар (пункттер) орналасатын ғимаратқа кіреберісте тұтқалар, төсеніштер, пандустар, сондай-ақ басқа да қажетті құрылғылар (уақытша рұқсат етіледі) көзделуі қажет. Тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған, соның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатын сайлаушылардың қолжетімділігі ескерілген, жасырын дауыс беруге арналған кабиналардың болуы міндетті», -деді хабарламашы.
Сайлау заңнамасының негіздері және комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған жиын барысында арнайы бүктеме қағаздар таратылып, жадынамалар ұсынылды.
Ал жиынды қорытындылаған аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Сатымқұл комиссия мүшелеріне алдағы өтетін саяси науқанға сақадай сай дайын болуды, сайлау өткізуге байланысты заңдылықтар мен талаптарды қатаң сақтауды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.