СЕЛ ТАСҚЫНЫ – таулы жерлерде көп таралған жойқын қиратушы күшке ие болатын қауіпті апаттық құбылыс.
Сел қауіпі туындауының белгілері:
— қарқынды және ұзақ уақыт нөсер жаңбырдың жаууы;
— сел қауіпті өзеннің бастауындағы мұздықтық көлдер мен олардың ақтарылу қауіпін туғызатын ауа температурасының кенеттен және ұзақ уақытқа көтерілуі;
— өзендегі су деңгейінің кенеттен төмендеуі немесе көтерілуі, су лайлылығының артуы.
Сел тасқыны қауіпі төнген кезде немесе туындағандағы қауіпсіздік ережелері
Егер үй қауіпті зонада орналасқан болса алдын ала эвакуация кезінде алып кететін құжаттар тізімін, заттарды және дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Арнайы қапшықтарға (шабадан) құнды заттарды, жылы киімдерді, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмектерді салып қойыңыз. Кенеттен сел болғанда немесе басталғанда өзіңізбен жылы киімдерді алып, жергілікті жер бедерінің ең биік нүктесіне қарай көтеріліңіз. Алдын ала эвакуация кезінде үйден шығар кезінде электр, газ, су құбырларын өшіріңіз. Есік, терезе және ауа тазартқыш саңылыауларды нықтап бекітіңіз. Сел жүріп өткеннен кейін сел жүрісінің қайталануынан, беткейлердің сырғуынан, зақымданған және иілген электр сымдарынан, зақымдалынған газ құбырларынан сақтану керек.
Қауіпсіздік шаралары:
1. Таулы аймақтардың жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарларды үнемі бақылаңыз.
2. Егер сел қауіпті арнаның жоғарғы бағытында қарқынды жаңбыр байқалса сел қауіпті арнадан кетіңіз. Жоғарғы жағында көл байламдары бар сел қауіпті арнаға жақын жерде демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.
3. Қозғалыстағы сел тасқындарына 50-70 метрден жақын бармаңыз.
4. Тік құздар мен тік беткейлерде ұзақ тоқтамаңыз, өйткені сел жүрісі кезінде шайқалудан ол жерлерде тас жауу немесе опырылым болуы мүмкін.
5. Сел арнасы бойынша қозғалыс кезінде адамдардың арасы 20-30 метр қашықтықты құрауын қадағалаңыз.
6. Сел тасқынының белгілерін байқаған жағдайда тез арада арнадан таулы беткейлермен жоғары кетіңіз.
7. Сел толқыны өткеннен соң сел арнасына түспеңіз.
Жақындап қалған сел тасқынынан елді-мекендерді құлақтандыру кезінде, сонымен қатар тасқынның белгілерінде ғимараттан тезірек кетіңіз, айналаңыздағыларға тезірек ескертіп, қауіпсіз жерге шығыңыз. Өрт туындамауы үшін үйден шығарда пешті өшіріңіз, газ крандарын бекітіңіз, жарықты және электр құраладарын өшіріңіз.
Сел қауіпті өзен аранасында жақын жерде тұратын және жұмыс істейтін тұрғындардың, сәйкес жауапты ұйымдардың хабарламаларын мұқият тыңдаңыз. Сел тасқынының қауіпі жайында сигналдар бөйынша өзіңізбен құжаттар мен құнды заттарды алып, алдын ала белгіленген маршрут бойынша қауіпсіз жерге көшуді жүзеге асырыңыз. Қозғалыс маршруты және жинақталу пункті ТЖ бойынша аудандық бөлімдерде және тұрғылықты жер бойынша ЖПК-да тіркелуі керек.
Әрбір адам өздігінше нақты шараларды жасай білу керек, оның ішінде:
— Жедел мелициналық көмек, өрт сөндіру апаттыққызметтер, жекеменшік пәтерлер коперативі, ТЖ бойынша басқарма кезекшілігі, ТЖ бойынша аудан бөлімінің телефондары, және мекен жайлары туралы ақпаратты;
— Апат болған аймақтың ішінде, сондай – ақ апаттан соң, отбасы мен көршілердің бірге әрекет жасау жоспарын жасуада жақын таныс – туыстардың фамилияларын, мекен- жайларын, телефондарын білу, әрбір отбасы мүшесі үйге қайту мүмкіндігі болмаған жағдайда, қайда бару керектігін білу қажет.
А.СПАНДИЯР, Қордай аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты