Үгіт-насихат жұмысы кез келген сайлаудағы маңызды кезең болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кандидаттардың және олардың сенімді өкілдері арқылы сайлаушылармен онлайн және офлайн кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, үнпарақтар тарату жұмыстары осы маңызды кезеңде жүзеге асады. Қазір ауданымызда осы жұмыстар қарқын алған.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қордай аудандық қоғамдық штабының сенімді өкілдері Т.Апаева және А.Байбеков Қордай ауылындағы аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында денсаулық сақтау саласының өкілдерімен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде сенімді өкілдер кандидаттың өмірбаяны, сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі мақсаттары төңірегінде талқылады.
Сонымен қатар, сенімді өкіл Т.Апаева дәрігер мамандығының мәртебесі заң жүзінде бекітілетіндігін, медицина саласының қызметкерлерін қорғау мен қолдау жұмысы күшейтілетіндігін, көп балалы аналарымен кандидаттың өскелең ұрпақты қолдау және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі сайлауалды бастамаларын айтты.
Кездесу соңында сенімді өкілдер жиынға қатысушыларды 20 қарашада өтетін ҚР Президентінің сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.
Айта кетсек, Президент сайлауына 6 үміткер тіркелді. Сайлау науқаны 18 қарашаға дейін жалғасады. 19 қазан тыныштық күні ретінде белгіленді. Қазақстандықтар өз таңдауын 20 қарашада жасай алады.