Сервисінің халыққа пайдасы

0

Әр азаматтың бұрынғы кезде сотқа құжаттарды жинау үшін бірталай мекемелерді аралап, апталап сандалатын жағдайларды жиі кездескен.

Қазіргі таңда ол сенгісіз нәрсе болып отыр, өйткені, бүгінгі күні азаматтардың көпшілігі «Сот кабинетін» қолданып отыр. Дереу сотқа талап арыз бергіңіз келсе, осы сервисті қолдануға әбден болады. «Сот кабинеті»-бұл электорондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді біріңғай терезе сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.Осы сервистің ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез-келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін көре алады және сот актісін басып шығарып алуға мүмкіншілігі бар.

Әрбір сотқа жүгінген азамат» Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін «Халыққа қызмет көрсету орталығында» электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. Сот кабинеті сервисі арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесі шешімін тапты, жеке тұлғаның төлем карточкасы арқылы бажды төлеу, сондай-ақ, төлем құжатының сканерден өткен көшірмесін беру мүмкіндігі бар. «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы Соттың ресми сайтында іске қосылған. Аталған сервис сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтындағы электронды сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді.

Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азамат тұтына алады. Қазіргі кезде «Сот кабинеті» сервисі арқылы түсетін талап арыздар 100 пайыз электронды түрде түседі.

Сотқа жүгінген азамат талап арызы тіркелгені туралы талон алады, бірінші күннен кейін оның ұялы телефонына оның арызы бойынша сот құжаты шыққаны туралы хабарлама келеді. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындап, әуреге түспейді.

Халыққа тағы да айта кетерлік жайт, ғаламторды еркін меңгере алатын азаматтарға, «Сот кабинеті» сервисін түсінудің еш қиындығы жоқ, бұл сервис әлдеқайда уақытыңызды үнемдеп, тез арада жұмыстарыңызды бітіруге көмегін тигізеді. Ол бұл күні сот жүйесіндегі үлкен жетістіктердің бірі болып саналады.

Б.Сайпышева, Қордай аудандық сотының бас маман сот отырысының хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.