Гвардейск гарнизонында бригада сержанттарының командирлік даярлығы бойынша жиын өтті.
Бригада сержанттарының жиыны Құрлық әскерлері оқу орталығының базасында өтті.
Жиын Құрлық әскерлерінің құрама және әскери бөлімдерінің басқару органдарын даярлау жоспарына сәйкес жүргізілді.
Аталған жиынның негізгі мақсаты – жұмыстың бірыңғай әдістемесін келтіру, бағыныстыларды тәрбиелеу, оқытудың нысандары мен әдістерін жетілдіру, қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін зерделеу. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері сержанттар құрамының қызметтік іс-әрекетіне талдау жүргізу.
Жиын барысында жалпы әскери дайындық, атыс дайындық, тактикалық дайындық, техникалық дайындық, дене дайындығы, медициналық дайындық, байланыс дайындығы, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, топография, әскерлер қызметі сияқты сабақ түрлерінен іс-жүзінде оқу-әдістемелік сабақтар жүргізілді.
– Қазіргі таңда бригада сержанттарымен командирлік даярлық оқу-әдістемелік жиыны өтті. Жиынның басты мақсаты – сержанттар құрамының кәсіби деңгейін тексеру және де бригада сержанттары арқылы әскердегі әскерлер қызметін, жауынгерлік даярлықта, әскери тәртіпте болсын кез келген іс-әрекетті бір жүйеге келтіру. Бұл жиын сержанттар құрамы үшін өте тиімді, аса қажетті дүние, – деді Қарулы күштердің бас сержанты – ҚР ҚК БШ Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының бастығы шебер сержант Темірбек Халықов.
Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі