Масаншы ауылдық округінде орналасқан «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының шәкірттері қазақ тілі курсының А1 (қарапайым деңгей) бағдарламасын аяқтап, сертификаттарға ие болды.
Бұл курсқа қатысушылар қазақ тілін меңгеру жолында белсенді еңбек етіп, өз білім деңгейлерін жетілдірді. Курс тыңдаушыларына сертификаттарды тапсыру салтанатты шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында қазақ тілін үйрену деңгейін арттыру, тілге деген құрмет пен ықылас туралы сөз қозғалды. Бұл курстың өткізілуі аудан тұрғындарының мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып, тіл үйренуге деген ынтаны нығайтты.
Шәкірттер өздерінің алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана отырып, тіл мәдениетін терең түсінуге және қазақстандық қоғамға белсенді қатысуға дайын екенін көрсетеді.