Аудан әкімі Бегзат Болатбековтың бастамасымен, Алға ауылдық округіне қарасты, Көгадыр ауылында жаңа балалар ойын алаңшасы ашылды.
Аталмыш ойын алаңшасының бой көтеруі ауыл тұрғындары арасында шынайы қуаныш пен үміттің жаңаруын білдіретін маңызды оқиға. Ойын алаңшасының ашылуы, әсіресе, балалар үшін ерекше сәтке айналды деуге болады.
Ауылдың кішкентай тұрғындары үшін қуанышты ортаның қамтамасыз етілуі – тек балаларға сергектік, қуаныш сезімін сыйлау ғана емес, сондай-ақ, ата-аналар мен бүкіл ауыл тұрғындарының бірігуі мен ынтымақтастықтың айқын нышаны болып табылады.
Алаңшаның түрлі түстермен безендірілуі мен заманауи ойын құрылғылары, ауылдастардың назарын өздеріне аударып, балалардың қызықтарына толы әлемін ашады. Мұнда сырғанақтар мен әткеншектер, ойнауға тамаша орындар пайда болды.
Ойын алаңшасы – балалардың жақсы достарды табуына, достық қарым-қатынастарын нығайтуға, бір-бірімен араласуға және әлеуметтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін орын. Осындай шаралар арқасында ауыл тұрғындары арасында бірыңғай мызғымас отбасылық рух қалыптастырудың керемет мүмкіндігі туындайды.
Нәтижесінде, Көгадыр ауылының шағын алаңшасында пайда болған шаттық, қуаныштың бірлігі мен үміттің нышаны, барлық тұрғындарды біріктіріп, алдағы күндерде бірлескен күш-жігер арқасында ең қызықты жобаларды іске асыруға мүмкіндік туғызары сөзсіз.
Әділет ҚҰТТЫБАЙ