ШАҒЫН ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

0

20 тамызда Қордай ауылының «Батыс» ықшам ауданында жаңа шағын футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Игілікті шараға Қордай ауданы әкімдігінің спорт бөлімінің басшысы Ғалымжан Әлімжанов, Қордай ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, Қордай ауылдық округі әкімінің орынбасары Мейірхан Оңалбаев және ықшам аудан тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиында Біржан Әбдікерімұлы мен Мейірхан Төреханұлы тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Рәсім барысында лента қиылып, ұлттық дәстүрге сай шашу шашылды. Шараның ерекше сәті ретінде Біржан Әбдікерімұлы жаңа алаңда алғашқы допты теуіп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Іс-шара соңында ауылдың жас футбол командалары жаңа шағын футбол алаңында алғашқы жолдастық кездесуін өткізіп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Аталған спорттық нысан – салауатты өмір салтын насихаттап, ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.