Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.
4-тур аясындағы тартысты ойында отандастарымыз Украинамен негізгі уақыт және овертаймда 4:4 есебімен тең түскенімен, буллит сериясында сәттілік (2:1) біздің жағымызда болды. Кездесу барысында Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Роман Старченко, Батырлан Мұратов мергендік танытып, жеңіске үлестерін қосты.