ШАЛҒАЙ АУЫЛДА ШАҒЫН ФУТБОЛ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

0

Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаев ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлуде. Ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы мемлекеттік бағдарламалар әзірленді. Бұл жұмыстардың нәтижесін Қордай өңірінен де көруге болады.

Өткен бейсенбіде ауданымыздың ең шалғай аудандарының бірі – Сұлутөр ауылында салтанатты шара өтті. Шағын ауылдың тұрғындары бұл күнді ең жарқын күндердің бірі ретінде еске алатыны сөзсіз. 10 тамызда мұнда көптен күткен шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Осыған орай ауылда нағыз мереке ұйымдастырылды.

Спорт нысанын салуға 10 миллионнан астам қаржы бөлінген болатын. Жұмысты   «ОПСи  K» ЖШС атқарып шықты.

Бұл ретте, спорт нысанды тұрғызу кезінде тұрғындардың тілегі есекрілгені турасында айтылда. Біріншіден сапасына көңіл бөлініп, оның  ұзақ уақыт бойы қызмет етуі керек екенін алға тарқан тұрңындар, болашақ нысанның орнын да мұқият таңдаған болатын. Соның нәтижесінде шағын ауылда көптен күткен спорт алаңы пайда болды.

Ашылу салтанатына орай өткен шараға Сұлутөр ауылдық округінің әкімі Н.Байсал, аудан, ауыл ақсақалдары қатысты.

Қазір спорт нысаны жас футбол сүйер қауымды қуантып отыр. Футбол алаңының пайда болуымен болашақта спорттағы үлкен жеңістер туралы айтуға болатынына сенімдіміз.

Расында, бүгінде футбол әсіресе жастар арасында сұранысқа ие спорт түрінің бірі. Сонымен, салтанатты шарадан кейін ауыл тұрғындары арасында  жолдастық турнир ұйымдастырылды. Бәлкім, болашақта біз шалғай ауылдан шыққан жеткіншекерді биік  спорттық тұғырлардан көретін болармыз.

Тұрғындар  бүгін  ауылында болып жатқан оң өзгерістерді атап, ризашылқтарын білдірді. Дүйсенбі күні медициналық мекеме пайдалануға берілсе, өткен жылы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді, сонымен қатар шалғай аулыға көгілдір отында келіп жеткен болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.