ШАРБАҚТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗАЛЫҚТЫ ТАҢДАЙДЫ

0

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шарбақты ауылында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Акция барысында ауыл тұрғындары мен округ әкімдігі аппараты бірлесіп, Ырғайты өзенінің арнасы мен оның айналасын тазалау жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға ауылдың үлкендерінен бастап жас буынға дейін белсенді қатысып, ортақ іске бір кісідей жұмылды.

Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары өз техникаларын шығарып, қоқыс пен қураған ағаштарды жинауға көмектесті. Нәтижесінде шамамен үш трактор қоқыс шығарылып, өзен арнасының төрт шақырымға жуық бөлігі тазартылды.

Сонымен қатар, өзен бойындағы қураған ағаштар кесіліп, аумақ ретке келтірілді.

Айта кетейік, тазалық жұмыстары Шарбақты ауылының орталығынан төменгі бөлігіне дейінгі аумақта жүргізілді. Жалпы ұзындығы шамамен 15 шақырымды құрайтын ауыл Ырғайты өзенінің бойында орналасқан. Алдағы уақытта тазалық акциясы жалғасын тауып, өзеннің жоғарғы бөлігіне дейінгі аумақты қамту жоспарланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.