Шарбақтыда жаңа көпір

0

Биыл жазда таулы аймақтарда сел жүріп, нәтижесінде Ноғайбай ауылдық округінің құрамына кіретін Шарбақты ауылы зардап шеккен болатын. Аталмыш ауылда жүргіншілер және көлік көпірлері бұзылған. Аудан басшылығы тезарада жаңа көпір құрылысын қолға алып, бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары аяқталған.
Аудан әкімдігінің коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен сметалық құжаттама әзірленіп, облысқа жолданған. Қаражат облыс әкімдігінің табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған қордан бөлінген. Ал, №36 НМ алдындағы жаяу жүргіншілер көпірі «Ақтасты» ШҚ демеушілігімен қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді. Өткен сәрсенбі күні көпірдің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Санат Әшірбеков, №36 мектептің түлектері, аудандық мәслихат депутаты Талғат Сәрсембаев, «Мектепке жол», «Жомарт түлек», «Мектепке тағзым» акцияларының демеушісі Асқар Абдраманов қатысты. Нысанның лентасы қиылғаннан кейін, жиын қатысушылары мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Іс-шара соңында көпірдің құрылысына атсалысқан азаматтарға құрмет грамоталары тапсырылып, алғыс сөздер айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.