ШЕКАРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІ

0

Қордай ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қарасу ауылының шекара бөлімінде қазақ тілі курсының тыңдаушыларынан құралған С1 тобымен «ŞAÑYRAQ» клубының кезекті отырысы өтті. 

Отырыстың басты мақсаты – қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын байыту және тыңдаушылардың тілдік деңгейін арттыру. Шара барысында тыңдаушылар сөздік батл ұйымдастырып, қазақ тіліндегі жаңа сөздер мен терминдерді талқылады. Әрбір қатысушы сөздік қорға енген жаңа сөздерді өз білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып қолданды және осы арқылы қазақ тілін тереңірек меңгеруге ынталанды.

Қордай ауданының шекара қызметкерлері үшін ұйымдастырылған бұл шара, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және шекара бөлімінде қызмет ететін қызметкерлердің қазақ тілін еркін меңгеруіне бағытталған маңызды бастама болып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.