ШЕКАРАЛЫҚ ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІН АРАЛАДЫ

0

Сәрсенбі күні аудан әкімі Бегзат Болатбеков Қордай ауданындағы шекаралық өткізу бекеттерін аралап, олардың бүгінгі жай-күйін бақылады. Аудан басшысы жұмыс сапарын «Қордай» кеден бекетінің жағдайымен танысудан бастады.
Қазақ-қырғыз шекарасындағы нысанның жұмыс барысы, түйткілді мәселелері жайында Қордай ауданы бойынша Шекара басқармасы басшысының қару-жарақ және тыл жөніндегі орынбасары, подполковник Руслан Ахметқалиев түсіндіріп берді. Бегзат Сейсенқұлұлы Шекара басқармасы өкілінен әлі күнге шешімін таппай келе жатқан көлік кептелісінің туындау себептерін, оны ретке келтірудің жолдарын және жергілікті билік тарапынан қандай көмек қажет екендігін сұрады.
Осыдан кейін Бегзат Сейсенқұлұлы «Қарасу» өткізу пунктіне барды. Мұнда да аудан әкімі шекарашылармен сұхбаттасып, нысанның жұмысымен егжей-тегжейлі танысты. «Қарасу» Шекара бақылау бөлімі басшысының орынбасары Серік Сержановтың айтуынша, бұл жердегі басты проблема – тұрақ мәселесі. Аудан басшысы бұл мәселені шешуге қатысты ұсыныстарын жеткізіп, туындаған жайттарды бірігіп шешуді ұсынды. Сондай-ақ, ең бастысы тәртіпті сақтау қажеттігін ескертті. Айта кетейік, «Қарасуда» биыл қайта жаңғырту жұмыстары басталады деп күтілуде. Бұл өткізу пунктіндегі жұмыс сапасының жақсаруымен қатар, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың артуына да ықпал етері сөзсіз.
Сәуле МҰХАДИНҚЫЗЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.