Шекарашылар өмірімен танысты

0

30 мамыр күні Қордай ауданы бойынша Шекара басқармасы,  Қордай аудандық білім бөлімі және аудандық жастар орталығы бірлесіп, аудан мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында оқу-жаттығу жиынын және «Айбын-2024» спорттық сайысын өткізді.

Мұндағы мақсат – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің имиджін көтеру, жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу және өскелең ұрпақтың бойында елжандылық қасиетті ояту. Шараға ауданның 18 мектебінен барлығы 160 оқушы қатысты. Оқушылар ел шекарасының тұтастығын қорғап жүрген мамандық иелерінің жұмысымен жақынырақ танысуға, шекара қызметінің жауапкершілігін сезінуге мүмкіндік алды. Ең алдымен оларға әскери көлік түрлері, қару-жарақтар, киім үлгілері,  әскерилердің күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлері таныстырылды. Осыдан кейін оқушылар арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылып, болашақ сарбаздар өздерінің физикалық дайындықтарын көрсетті. Үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға грамоталар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.