Әрбір елдің ең басты құндылығы – оның жері мен шекарасы. Ал сол шекараны күзетіп, халықтың тыныштығын, мемлекеттің тұтастығын қорғайтын азаматтар – шекарашылар.
Аудандық мәдениет үйінде, қоғамның тыныштығын, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған сала мамандарының мерекесіне орай арнайы шара ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында шекарашылар мен ардагерлердің еңбегіне ерекше құрмет көрсетілді.
Мерекеге орай ұйымдастырылған жиында ҚР ҰҚК Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының бірінші орынбасары, подполковник Кудряд Аманов және аудандық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Дәулет Әденов сөз алып, барша шекарашылар мен сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Подполковник К.Аманов өз сөзінде шекарашылардың ел алдындағы жауапкершілігін, қажырлы еңбегінің елеусіз қалмайтынын айтып, барлығына алғыс білдірді. Сонымен қатар, Д.Әденов шекарашылардың тыныштық пен қауіпсіздік жолындағы қызметінің маңыздылығын атап өтті.
Осыдан кейін, шара соңы мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламамен қорытыланды.