Көліктің түрлері мен санының артуы салдарынан жол көлік оқиғасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтардың көрсеткіші өсіп, онда зардап шеккендердің өсімі байқалады. Бұл жол-көлік оқиғалары мен оның қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығы мен өміріне тигізетін теріс салдарын, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін кезек күттірмей шешу қажет екендігін көрсетеді.
Осы орайда, Қордай аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Б.Өмірзақ және Қордай ауданы бойынша шекара басқарма бастығының орынбасары полковник Д.Кекіловпен бірге шекара басқармасының әскери қызметшілерімен, оның ішінде жүргізуші құраммен және көлік жетекшілерімен, жол-көлік оқиғаларына, жол жүру ережелерін бұзуға және көлік құралдарын масаң күйде басқаруға жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді.