ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

0

12 қарашада аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу бірінші сессиясы өтті. Оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов өткізді. Сессияға депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудан әкімдігінің кейбір бөлім басшылары, Қордай аудандық кірістер басқармасы, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының

өкілі қатысты.

Депутаттар «2025-2027 жылдарға арналған Қордай ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №39-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселені қарады, ол бойынша егжей-тегжейлі баяндаманы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева ұсынды.

Одан бөлек «Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округі Беріктас ауылының шекарасын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы»;

«Қордай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы»;

«Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы»;

«Қордай ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамы туралы» 2023 жылғы 7 қыркүйектегі №9-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

«Қордай аудандық жер комиссиясының құрамы туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №39-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралып шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.