6 қазан күні «AMANAT» партиясынан депутат, Қордай аудандық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Қыпшақпаеваның төрағалығымен аудандық мәслихат сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Мәден Мұсаев, депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасарлары, бірқатар бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіне сай, бірінші кезекте Қордай аудандық мәслихатының «Қордай ауданы ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы 19-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» сұрақ қаралды. Аталмыш мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева баяндама жасады.
Келесі кезекте Қордай аудандық мәслихатының «Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы 80-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» сұрақ бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл Заурбаеваның баяндамасы тыңдалды.
Тиісті шешімдер қабылданды.