ШЕШІМГЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

0

27 қазан күні аудандық мәслихаттың сессиясы өтіп, оған мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты.

 

Сессия барысында «Қордай аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 23 желтоқсандағы №62-4 «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе қаралып, ол бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева баяндама жасады. Талқылау барысында Руслан Нұрсипатов бөлінген бюджет қаражатын уақытылы игеру қажеттілігін атап өтті. Содан кейін аудан әкімдігінің жеке құрамы бекітіліп, бұрын құрылған ведомствоаралық комиссиялар құрамына өзгеріс енгізілді.

Барлық қаралған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Келесі сессияның төрағасы болып депутат Ғалым Әлімжанов сайланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.