ШЕШІМГЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

0

4 сәуір күні аудандық мәслихат депутаты Қарлыгаш Қыпшақбаеваның төрайымдылығымен Қордай аудандық мәслихатының сессиясы өтті. Сессия жұмысына депутаттармен қатар аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұржан Молдабеков қатысты.

Сессия барысында «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №38-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева жан-жақты баяндама жасап, түсіндірме берді.

Талқылаудан кейін депутаттар ұсынылған өзгерістерді бір ауыздан мақұлдады.

Сонымен қатар сессияда 2025 жылға арналған «Қауіпсіз Қордай» жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.