Белгіленбеген су орындары қауіпті. Себебі оның түбі зерттелмеген. Түбінде сынған әйнек, балық аулау торы, сым, арматура, тас секілді қауіпті заттар болуы мүмкін. Сондықтан мұндай орындарда шомылу қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, өзендерде де шомылу қауіпті. Себебі өзеннің ағысы бар. Жағалаудан неғұрлым алыс болса өзеннің ағысы су бетінде де, астында да қатты болады.
Сонымен қатар, су құйылған тастанды қазаншұңқырлар да қауіп төндіреді. Сондықтан мұндай орынға кіруге және ойнауға қатаң тыйым салынады. Арнайы жабдықталған жағажайлар қауіпсіз болып саналады.
Су айдындарында мынандай әрекеттерге рұқсат етілмейді:
1) «Шомылуға тыйым салынады» белгілері орнатылған жерлерде шомылуға;
2) жүзу шекарасын белгілейтін белгілерден тыс жүзуге;
3) катерлерге және басқа да жүзу құралдарына жүзіп жетуге;
4) қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, қоршаулардан және басқа да орындардан суға секіруге;
5) осы мақсаттарға бейімделмеген орындарда спортпен айналысуға, оның ішінде спорттық ойындар ойнауға;
6) жалған дабыл қосуға;
7) су айдындарын ластауға, кір жууға, отын жаруға, шомылуға бөлінген орындарда 500 метрге дейін көлік жууға және жөндеуге;
8) шағын көлемді (оның ішінде ескекті) су көліктеріне кіруге және жағажайлар мен акватория учаскелерінде (адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кемелерді қоспағанда) маневр жасауға тыйым салынады;
9) су айдындарында қауіпсіздік белгілерін өз бетімен алып тастауға, бүлдіруге немесе орнатуға жол берілмейді;
10) алкогольдік және есірткілік масаң күйде шомылуға;
11) тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
12) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
13)демалушыларға жарақат әкелуі мүмкін қоқысты жағалауда және шешінетін бөлмелерде қалдыруға;
14) су айдындарындағы қауіпсіздік белгілеріне шығуға;
15) балаларға ересектердің қарауынсыз суға түсуіне жол берілмейді.
Есіңізде сақтаңыз, өз қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда!
А.Әбіш, Қордай ауданы ТЖБ бас маманы