АЭС салуды қолдау жөніндегі Жамбыл облыстық Халықтық штаб мүшесі Айман Ашимова «Аманат партиясы» аудандық филиалы төрағасы Бейқұт Жамангозовпен бірге жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Онда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум жалпыхалықтық деңгейде өткізілетіндігі турасында сөз қозғап, бұл Мемлекет басшысы айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асуының бірден-бір дәлелі екенін жеткізіп, ол жүзеге асқан жағдайда Қазақстан экономикасының дамуына зор үлес қосатындығын жеткізді.
Кездесуде ұжым қызметкерлері аталмыш тақырып аясында өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.