Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы жылдың 6 қазанында өтетіні баршаңызға мәлім. Аталмыш референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Осы орайда, АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
АЭС салуды қолдау жөніндегі Облыстық халықтықтық штаб мүшесі Айман Ашимова және аудандық штаб мүшелері Гаухарбек Мамбеталиев пен Гүлнар Әлімбаева «Бетқайнар» бастауыш партия ұйымының өкілдерімен кездесу өткізіп, АЭС салудың артықшылықтары төңірегінде әңгімелесті. Кездесу барысында Айман Серікқызы АЭС салу бойынша 6 қазанда өтетін саяси науқанның маңыздылығын түсіндіре отырып, жалпыхалықтық референдумның өткізілуі – елімізде азаматтық қоғамның қалыптасуына үлес қосып отырған үлкен қадам екендігін жеткізді. «Атом электр станцияларын салу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ең басты мәселе. АЭС құнының 40%-ы қауіпсіздік жүйесіне бағытталады. Атом энергиясын қауіпсіз, сенімді пайдалану стандарттары мен қағидаттарын Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) белгілейді. Осы орайда МАГАТЭ сарапшылары атом электр станциясын салу, оның жұмыс барысын бақылап отырады»,-деп атап өтті Айман Серікқызы. Сондай-ақ, өзге де штаб мүшелері бұл мәселеде атом энергиясына балама жоқ екенін түсіндіре отырып, ел қуатын арттыруда және оның жарқын болашағын қамтуда азаматтық жауапкершілік танытып, таңдау жасауда белсенділік танытуға шақырды.
***
АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Қарлығаш Қыпшақбаева, Камиля Дургалова және Любовь Харченко «Бәйтерек» бастауыш партия ұйымының өкілдерімен кездесті. Кездесуде АЭСтың елдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды. Сондай-ақ, Халықтық штаб мүшелері АЭС-ты ұзақ мерзімді пайдалану кезінде электр энергияның тұрақты тарифі қалыптасатынын, бұл қадам зауыттардағы өндіріс шығынын азайтуға және олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні турасында айтты. Өз сөзінде Қарлығаш Қанатбекқызы, ядролық энергетика, өзінің пайда болу табиғатына сәйкес, шын мәніндегі жаңартылатын энергия көзі болып табылмаса да, парниктік газ шығарындылары аз және үлкен көлемде электр қуатын өндіру қабілетіне ие энергия көзі болып табылатынын және жаһандық экологияны қамтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, дәстүрлі көмір және газ электр станцияларынан айырмашылығы, атом электр станциялары энергия өндіру кезінде атмосфераға көмірқышқыл газын шығармайтыны жөнінде ақпарат берді. Отырыс барысында, атом электр станциясы жобасының маңызы мен оның ел экономикасына тигізер пайдасы кеңінен талқыланып, тұрғындарды қызықтырған сауалдарға сәйкес, танымдық мағлұматтар берілді.