«Шырқа даусым»

0

Өткен аптада Таразда «Шырқа даусым» ХІ республикалық дәстүрлі әншілер конкурсы өтіп,  18-35 жас аралығындағы дәстүрлі әншілер бақ сынады. Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының 55 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы дәстүрлі әншілер қатысты.

Конкурсқа жалпы саны 55 өтініш түсіп, оның 23-і шақырту алды. Атап айтсақ, облыс аудандарымен қатар Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Талдықорған, Қостанай сынды т.б. өңірлерден келген жас өнерпаздар қатысып, көңіл қуантты. Ал, Қордай жерінен танымал дәстүрлі әнші Ерғат Тәжібаев өнер көрсетті. Жас әнші арнайы Алғыс хат және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар, «Кенен Ата» қорының арнайы жүлдесі — 50 000 теңгенің сертификаты да Ерғат Тәжібаевқа берілді.

Айта кетсек, іс-шара аясында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Кенен Әзірбаев әдеби-мемориалдық музейінің жылжымалы көрмелері қойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.