Біз бұл ақпаратқа көп назар аудармаймыз, себебі өрт қауіпсіздігі қағидалары баршаға бұрыннан белгілі деп жүрміз. Отпен ойын үлкен қайғыға әкелуі мүмкін, ересек адамдарға бұл түсінікті, ал балаларға қалай түсіндіруге болады. Жай сіріңкенің өзі қандай қауіп төндіріп отыр?
Жылу мен жарық көзін беретін сіріңке адамдардың тұрмысында қолданылатын жай зат. Бірақ барлық адамдар оларды дұрыс қолдана алмайды. Балалар сіріңкені алғаш рет қолына алған кезде оның не екенін білмейді. Балалардың ата-анасы сіріңкені «Балалардың қолдары жетпейтін орындарда сақтау» ережелерін бұзып, бала қолындағы жағылған сіріңке қандай қауіпке әкелуі мүмкін екендігіне мән бере қоймай, оларды басқа жерге алып қоюды ұмытып кетеді.
Балалар – ол біздің болашағымыз, бала өмірі қуанышты және бақытты болуы үшін, олардың өмірлеріне ешқандай қауіп төнбеуі үшін ересек адамдарға көбірек ойлану керек.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Естеріңізде сақтаңыздар, балалардың психологиялық қорғану реакциялары жоқ. Олар отпен ойнаудың зиянын біле қоймайды. Өрт кезінде бөлмеден шыға алмайды. Шет жерлерде және бөлмелердің бұрыштарында тығылады. Балаларға отпен ойнау өте қауіпті екенін түсіндіріңіздер.
Сіріңке ойнауға арналмаған. Ол өмір қағидасы. Бәріміз осы қағиданы балаларымызға жеткізейік.
М.Жанелі, Қордай ауданы ТЖ бөлімінің бас маманы