Жатыр мойны обырын ерте анықтау – 30 -70 жас аралығындағы әйелдер;
Сүт безі обырын ерте анықтау – 40 -70 жас аралығындағы әйелдер;
Колоректальді обырды ерте анықтау – 50 -70 аралығындағы ерлер мен әйелдер.
Әйелдер сүт безі обырына тіркелген емхана арқылы тексеріледі. Акушер-гинеколог, онколог пен маммолог сынды мамандар кеңесіне жүгініп, УДЗ, маммография сынды тексерулерден өте алады.
Сонымен қатар, жатыр мойны обырының алдын алу үшін видеокольпоскопия немесе кольпоскопия, ПАП-тест, пункциялық биопсия мен гистологиялық зерттеулерге тапсыруға болады.
Колоректалды обырдың алдын алуға арналған тексерулерден ерлер де, әйелдер де өтуә тиіс. Профилактикалық іс-шаралар барысында олар хирург, онколог, гастроэнтеролог пен проктолог мамандардан кеңес алады. Сондай-ақ үлкен дәреттегі жасырын қанды тексеру мақсаьында шұғыл әдіспен гемогульт-тест тапсырады, жалпы видеоколоноскопия, эндоскопиялық биопсия және гистологиялық тексерулерден өтуге болады.
Жамбыл облысында 2025 жылы онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған тексерулерге 1 млрд 64 млн астам теңге бөлінді. Бұл шара аясында 177 мыңнан астам жамбылдықты қамту жоспарланып отыр.
Айта кетсек, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, онкоскринингтер барлық азаматтар үшін тегін жүргізіледі. Яғни, сақтандырылған немесе сақтандырылмағанына қарамастан, бұл медициналық қызмет түрі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) тізіміне енгізілген.