«Скутер-мопед»

0

Қордай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының бастамасымен 2025 жылғы 1-10 қыркүйек аралығында балалардың жолдардағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Скутер-мопед» акциясы өтуде.

Осы шара аясында Қордай ауылдық округінде арнайы рейд ұйымдастырылды. Рейдке ауылдық округ әкімінің орынбасары М. Оналбаев, бас маманы М. Туруспаев және жергілікті учаскелік полиция инспекторы қатысты. Олар жасөспірімдердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында кәмелетке толмағандарға скутер мен мопедті пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, ата-аналардың балаларының жолдағы тәртібіне жауапты екендігі ескертілді. Сонымен қатар оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша жадынамалар таратылды. Ауылдық округ әкімдігі мен комиссия мүшелері тұрғындарды балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауда сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады. Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет.

Сонымен қатар, Қарасу ауылдық округінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында округ әкімдігі, учаскелік полиция инспекторы, мектеп өкілдері бірлесе отырып, жасөспірімдердің түнгі уақытта жүрісі, мектепке баруы, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша тексерулер жүргізді. Сонымен қатар, ата-аналармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары да атқарылып, бала тәрбиесінде жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы айтылды. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.