«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы SMS – хабарлама арқылы 45 мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы хабарлайтын жаңа сервисті іске қосты. Енді қызмет алушылар қызметтің нәтижесін білу үшін ХҚО-ға екінші рет бармайтын болады.
Сервис әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, еңбек мигранттарына рұқсат құжаттарын беру, мектепке дейінгі ұйымдар және азаматтық хал актілерін рәсімдеу желілерін қамтиды.
Тізімге енген мемлекеттік қызметтердің арасында бала тууы және оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау, баланы мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою, асыраушысынан айырылған жағдайдағы жәрдемақы тағайындау, еңбек мигранттары рұқсатын рәсімдеу немесе ұзарту және спорттық атақтар беру сынды мемлекеттік қызметтер бар.
«Бұрын клиент осындай қызметтер бойынша ХҚО-ғакеліп, қызметті ресімдеу үшін өтінім беріп, дайын құжаттыалар кезде қолхат алатын. Содан кейін ол қажетті құжатты алу үшін қайтадан келуге мәжбүр болды. Біздің жаңа сервисіміз ХҚО-ға екіншірет бару қажетін жоққа шығарады. Бұл қалай десеңіздер, клиентке сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді, ол арқылы дайын құжатты жүктеуге және қажет болған жағдайда оны басып шығаруға болады. Бұл жүйе қызмет алушылардың уақытын едәуір үнемдейтіні сөзсіз», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары ҚанатДыбыспаев.
Мына кесте арқылы жаңа жүйе бойынша қолжетімді қызметтермен
танысуға болады:
№ п/п Мемлекеттік қызметтің атауы
1 Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтартпау.
2 ҚР-да уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН қалыптастыру.
3 Жүктілікке және босануға, жаңатуған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау.
4 Бала тууғажәне бала біржасқатолғанғадейін оны күтуге жәрдемақы тағайындау
5 Бала біржасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау.
6 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру.
7 Мемлекеттік базалықз ейнетақы төлемдерін тағайындау.
8 Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау.
9 Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау.
10 Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау.
11 Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
12 Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау.
13 Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу.
14 Естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағатымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу.
15 Мүмкіндігі шектеулі жандардың арнайы жүріп – тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу.
16 Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу.
17 Медициналық – әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу.
18 Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау.
19 Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу.
20 Спорттық атақтар мен санаттар беру: «Қазақстан Республикасының еңбекс іңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері»
21 Бала бақшаларға жіберу үшін балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою.
22 Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
23 Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау.
24 Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау.
25 Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу.
26 Көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау.
27 Тұрғын үй көмегін тағайындау.
28 Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий – курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу.
29 Мүгедектерді протездік – ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу.
30 Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау.
31 Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту.
32 Жүріп – тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу.
33 Ауылдық елдімекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агро өнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.
34 Елдімекен шегінде объект салу үшін жеру часкесін беру.
35 Мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау.
36 Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау.
37 Мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу.
38 «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағыналған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
39 Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстермен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай – ақкепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе төл нұсқаны беру.
40 Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту.
41 Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды тұрақты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру.
42 Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау.
43 Авиация персоналына куәлiктер беру.
44 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай – аққорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну.
45 Шекара маңындағы аумақтың елдімекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтынм әліметтерді беру.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша
филиалының Әлеуметтік қамтамасыз
ету бойынша Қордай аудандық бөлімі