Соңғы жылдары облыста жалпы туристік саланы дамытуға бағытталған бірқатар ісшаралар жүзеге асырылып, көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Атап айтар болсақ, өткен жылы облысқа 212400 турист келіп, алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туристер саны 6,7 пайызға артқан. Оның ішінде ішкі туристер саны 207597 адамды құрап, өсім – 6 пайыз, ал шетелдік туристер саны 4803 адамды құрап, өсім 44,3 пайызға жеткен. Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдыинновациялық дамыту басқармасының туризм саласын мемлекеттік қолдау, дамыту және мониторинг бөлімінің басшысы Жомарт Хажының айтуынша, оларды орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 3,8 миллиард теңгені құрады, өсім 5,5 пайыз болған. Орналастыру орындарының біржолғы сыйымдылығы 7934 төсек-орынға жетіп, өсім 11,2 пайызды құраған. Елімізге келген туристердің басым бөлігі Қытай, Ресей мен Өзбекстан Республикаларының азаматтары.