Сортөбе ауылдық мәдениет үйінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында «Вынхуа» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті.
Мәдени шараға ауыл тұрғындары мен өнер сүйер қауым жиналып, ұлттық мәдениетті дәріптеген әсерлі бағдарлама ұсынылды.
Өз кезегінде «Вынхуа» этномәдени бірлестігінің жетекшісі А.Идыо сөз сөйлеп, елімізде талқыланып жатқан жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ ол алдағы 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға қатысу – әр азаматтың азаматтық борышы екенін атап өтті.
#референдум2026
#ЗаНовуюКонституцию
#АтаЗаң